{metadescription}
Павлодарда қатарластарын ұрып-соққан оқушы қыздың ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодарда қатарластарын ұрып-соққан оқушы қыздың ата-анасы жауапқа тартылды

Павлодарда қатарластарын ұрып-соққан оқушы қыздың ата-анасы жауапқа тартылды

Павлодарда үйіне қатарлас қыздарды шақырып алып, аямай ұрып-соққан оқушы қыздың ата-анасы жауапқа тартылды. Жасөспірімнің әлеуметтік желіге жариялаған видеосы көпшіліктің наразылығын тудырды.

Ол тікелей эфирге шығып, бөлмесінде отырған қыздарды ұрып, теуіп жатқан. Бірақ таяқ жеп жатса да, ешбірі оған қарсылық көрсетпейді. Кейін видеожазбаны мақтанышпен өз парақшасына жариялапты. Тәртібі нашар жеткіншек арнайы есепке алынды.

Жанар Біләлова, Павлодар облысы ПД ресми өкілі:

Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған заңды өкіліне кепілгерлігімен тапсырылды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін оның заңды өкілі жауапқа тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде