{metadescription}
0:000:00
Мамандар Almaty Arena кешенінде өрттің неден тұтанғанын әлі анықтап жатыр

Мамандар Almaty Arena кешенінде өрттің неден тұтанғанын әлі анықтап жатыр

«Алматы Арена» кешеніндегі өртке байланысты хоккей турнирі кейінге шегерілген. Спорт сарайында қызыл жалынның неден тұтанғанын мамандар әлі анықтап жатыр.

Олжас Ершеев, Алматы спорт нысандары дирекциясы маркетинг қызметінің басшысы:

Өртке байланысты сол күні өтіп жатқан хоккей турнирін тоқтатуға тура келді. Залда балаларды қоспағанда, шамамен 80-нен аса ересек адам болды. Бүгінде оттан зақымданған мүлік толығымен қалыпқа келтірілді. Хоккей турнирі келесі күні өткізілді. Тергеу жүріп жатқандықтан, келтірілген шығын көлемін әзірге айта алмаймыз.

Өрт күндізгі сағат үш шамасында кешеннің кіші залыннан шыққан. Жалынның лезде таралуына сондағы ойын батуттары мен басқа да спорт құрал-жабдықтарын шарпуы әсер еткен. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көрермендер мен қызметкерлер сыртқа эвакуацияланып үлгерген. Құтқарушылар от құрсауында қалған төрт баланы алып шығып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Кеше

23 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде