{metadescription}
Ақшаны криптовалютаға айналдыруды заңдастырып жүрген бір топ дроппер ұсталды
Ақшаны криптовалютаға айналдыруды заңдастырып жүрген бір топ дроппер ұсталды

Ақшаны криптовалютаға айналдыруды заңдастырып жүрген бір топ дроппер ұсталды

Алаяқ жолмен табылған ақшаны криптовалютаға айналдыру арқылы заңдастырып жүрген бір топ дроппер ұсталды. Жиырма күдіктінің жетеуі қамауға алынған.

Қылмыстық топтың арасында қыздар да бар. Әрқайсысының банкте алты-жеті шоты болған. Заңсыз жолмен келген ақшаны қолма-қол қаражатқа айналдырғандар әр транзакциядан соманың бір немесе үш пайызын өзіне қалдырып отырған.

Алматы облысында осылай жұмыс істеген кибералаяқтардың бір айлық ақша айналымы 100 миллион теңгені құраған. Қазір полиция есепшоттары бұғатталып, қаржылық операция туралы толық ақпарат алу үшін екінші деңгейлі банктерге сұрау жолдады. Дропперлер, яғни кибералаяқтыққа өзінің банк картасын пайдалануға беретін тұлға алаяқтардың сыбайласы ретінде танылатынын ішкі істер органдары ескертуде. Сондықтан бейтаныс адамнан ақша аударымын қабылдау сияқты ұсыныс түскенде сақ болған абзал.

Нұсқабек Зауланбаев, Алматы облысы ПД КПБ бастығы:

Тергеуде 20-дан астам алаяқтық схеманың қатысушысы анықталды, олардың арасында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар және менеджерлер бар. Қазіргі уақытта банктерден қаржы операциялары туралы ақпарат алу үшін санкцияланған сұраныс хаттар жолданды. Анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылуда. Жедел-іздестіру шаралары барысында жеті адам, оның ішінде үш куратор, бір менеджер және үш дроппер ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде