{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь еліне президент боп сайланған Лукашенконы құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь еліне президент боп сайланған Лукашенконы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь еліне президент боп сайланған Лукашенконы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь еліне қайтадан президент боп сайланған Лукашенконы айқын жеңісімен құттықтады. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша, оның кандидатурасын электораттың 87,6 пайызы қолдапты.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебізімен алғашқылардың бірі болып қоңырау шалған. Екі жақ телефон арқылы алдымен ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, артынша халықаралық тақырыптарды талқылаған.

Айта кетейік, Александр Лукашенко Беларусь елін 1994 жылдан бері басқарып келеді. Осылайша ол 7-ші мерзімге сайланып отыр.

Айта кетейік, Беларусьте президент сайлауы кеше өтті. 70 жастағы Александр Лукашенко дауыс беруге ұлын ертіп және шпиц тұқымды итін жетектеп келген. Айқын басымдылықпен жеңіске жеткен Лукашенкодан кейін, коммунистер атынан додаға түскен жас саясаткер Сергей Сыранков үш пайызға жетер -жетпес дауыспен екінші орында тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде