Боливияда жолаушылар автобусы көпірден құлап, 19 адам мерт болды
Боливияда жолаушыға толы автобус көпірден құлап, 19 адам көз жұмды. Соңғы мәлімет бойынша, жантүршігерлік жол апатынан тағы тоғыз адам алған түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Автор: Шапағат Мырзабекова
27.01.2025
Автобус Боливияның астанасы Ла- Пастан Аргетинамен шекарадағы Виллазон қаласына бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, орта жолда қоғамдық көліктің көпірден аударылып кетуіне жоғары жылдамдық пен 24 жастағы автобус жүргізушісінің тәжірибесінің аздығы себеп болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында полицейлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, қаза тапқандардың арасында екі бала — бір ұл мен қыз, 14 әйел мен үш ер адам болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!