{metadescription}
Елімізде жанармай мен сұйылтылған газ біртіндеп қымбаттайды
Елімізде жанармай мен сұйылтылған газ біртіндеп қымбаттайды

Елімізде жанармай мен сұйылтылған газ біртіндеп қымбаттайды

Елімізде ақпаннан бастап жанармай мен сұйылтылған газ қымбаттайды. Баға бірден емес, кезең-кезеңімен өседі деді бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Үкімет 1 ақпаннан бастап бағаны шекті мөлшер қойып белгілемейді. Сәйкесінше, нарық өзі реттеуі тиіс. Бірақ бензиннің де, газдың да құнын бірден көтеріп жіберуге жол берілмейді деп отыр Сәтқалиев. Министрліктің болжамынша, сұйылтылған газ бағасы 107 теңгеге дейін баруы мүмкін. Бұл елдің орталығы, солтүстігі мен шығыс өңірлеріне қатысты, ал батыста 65 теңге шамасында болмақ. Бензин бағасының нақты қалай болатыны әзірге белгісіз. 

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

 Экономика министрлігі белгілеген инфляция дәлізін негізге аламыз. Қазір бензиннің нақты қаншаға қымбаттайтынын айту қиын, бірақ баға біртіндеп өседі. Нақты алгоритм жоқ, мүмкін, апта сайын немесе айына бір рет. Көп нәрсе біздің сарапшылармен және нарық қатысушыларымен жүргізетін келіссөзімізге байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде