{metadescription}
Курчатов «Ғылым қалашығы» мәртебесіне ие болуы мүмкін
Курчатов «Ғылым қалашығы» мәртебесіне ие болуы мүмкін

Курчатов «Ғылым қалашығы» мәртебесіне ие болуы мүмкін

Курчатов «Ғылым қалашығы» мәртебесіне ие болуы мүмкін. Бүгін Сенатта 1991 жылға дейін әлемнің ешбір картасында көрсетілмей келген жабық қаланың болашағы қаралды. Бұл атом энергетикасы ғылымын дамытуға ауадай қажет дейді депутаттар. 

Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:

Біз оны болашақта «ғылым қалашығы» деп салатын болсақ, бұл жаңа үлгідегі қала болуы керек. Бұл жәй ғана қала болмау керек. Бұл жаңа үлгідегі ақылды қала болуы керек. 09:47:09 Біз уранды өзімізден шығарып отырып, өзіміз өңдей алмаймыз. Оның 5 деңгейі бар өңдеудің. Сол өңдеуді өзімізде жасауымыз керек. Соған ғалымдар даярлауымыз керек.

Он мыңға жуық тұрғыны бар Курчатовты «ғылым қалашығы» ету үшін қолда бар мүмкіндікті пайдаға асыру керек. Онда жұмыс істеп тұрған Ұлттық ядролық орталық негіз бола алады деп санайды сенаторлар. Шағын қалада шұғыл шешілуі тиіс мәселе де шаш етектен. Инфрақұрылымынан бастап, мамандарға ғылымды дамытуға мүмкіндік жасау қажет. Осы мәселелерді талқылаған сенаторлар Үкіметке «ғылым қалашығын» дамыту бойынша ұсыныс әзірлейтін болды. 

Дархан Ахмед-Заки, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

Ғылыми статустың берері бірінші мәселе. Ол ғылымға белгіленген ғылыми бағыттарға назар аудару. Соның ішінде бар потенциалды жоғалтып алмау. Ол ядролық технология бағыттары, ядролық медицина қазір қарқынды дамып жатыр. Осының бәрі біздің қойған мақсатымыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.