Созақта газ баллоны жарылып, үйдегі алты адам ауыр жарақат алды
Түркістан облысында тұрмыстық газ баллоны жарылып, тұрғын үйдің күлі көкке ұшты. Алты адамды ауыр жарақаттаған оқыс оқиға Созақ ауылында болған.
Автор: Бек Әбиев
28.01.2025
Аққолтық ауылындағы жер үйде пропан толы баллон кешкі уақытта жарылған. Дереу жеткен көршілері үйінділер астынан алты адамды алып шықты. Оның бесеуі кәмелетке толмаған балалар. Ал 180 шаршы метр үйден түк қалған жоқ. Термиялық күйік шалған науқастар Созақ ауруханасына жедел жеткізілді. Үшеуі жансақтау бөлімінде, қалғаны орта дәрежелі күйік жарақатымен хирургия бөлімінде жатыр. Баспанасыз қалған жандарға енді медициналық емнен бөлек, психолгиялық көмек қажет.
Қанат Ақбаев, Созақ ауданының ТЖБ бастығы:
— Газ балоны жарылғаны туралы №11 өрт сөндіру бөліміне хабар түсті. Оқиға орнына келгенде, 27 минуттан кейін, газ баллоны жарылып, тұрғын үйдің қирағанын білдік. Алты адам аудандық ауруханаға түсіп, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!