{metadescription}
«Мопед — көлік құралы». Алматыда 60-қа жуық мопед ресми тіркелді
«Мопед — көлік құралы». Алматыда 60-қа жуық мопед ресми тіркелді

«Мопед — көлік құралы». Алматыда 60-қа жуық мопед ресми тіркелді

Мопед енді толыққанды көлік құралы саналады. Соған сәйкес жауапкершілік артылып, жол ережесіне бағынуға міндетті. Қос дөңгелекті көлік ең көп саналатын Алматыда қазір 60-қа жуық жүргізуші темір тұлпарларын ресми тіркеп үлгерді.

5 сәуірден бастап нөмірсіз, жүргізуші куәлігінсіз жүрген мопедшілерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондықтан қазірден бастап аталмыш көлік құралддарын тіркеуге тиіс, дейді полицейлер. Бұл процесті мамандар барынша жеңілдеткен. Құжатты рәсімдеу үшін мопедшілер қаладағы барлық мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Тіпті қос дөңгелекті көліктің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаса да, мопедті тіркеуге рұқсат. Оған қоса, темір тұлпар иелерінде міндетті түрде «А» және» А1» санатындағы куәлігі болуы қажет.

Айта кетейік, енді мопед механикалық көлік құралына жатады.

Айдын Меркімбаев, Алматы ПД ӘПБ процессинг орталығының басшысы:

Биыл 5 сәуірден бастап мопедті механикалық көліктерге теңестірген заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Мопед иелерінде міндетті түрде, заң аясында шлемі болуы керек және сақтандыру полисі, техникалық байқаудан өткені туралы ақпараты болуы тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.