«Несие алып беремін». Тараздық әйел жұрттың сеніміне кіріп, 33 миллионды қалтасына басқан
Таразда қайтарымсыз несие алып беремін деп жұртты сан соқтырып кеткен 35 жастағы әйел ұсталды. Ол 71 адамның сеніміне кіріп, 33 млн теңгені қалтасына басыпты.
Автор: Сәбит Әлдебай
28.01.2025
Ол микроқаржы ұйымының жалған кеңсесін ашып, қызмет туралы әлеуметтік желіде жарнама таратып отырған. Ал келушілерге өзін микроқаржы ұйымының білікті маманы етіп көрсеткен. Қаржыдан қысылғандар тек облыс орталығынан ғана емес, шалғай аудандардан да келген. Осылайша қайтарымсыз несие аламын деп сенгендер алғашқы жарна ретінде құйған қаражатынан да айырылып қалған. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігімен, яғни бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір дәлелдеме жинауға және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!