{metadescription}
Алматыда үй тонап жүргендер ұсталды
Алматыда үй тонап жүргендер ұсталды

Алматыда үй тонап жүргендер ұсталды

Алматыда пәтер тонаумен айналысқандар қолға түсті. 38-45 жас аралығындағы төрт азамат Алматыға ұрлық жасау үшін арнайы келіпті.

Жігіт ағасының жасына келгендер тұрғын үйге терезеден кіріп, ақша мен бағалы заттарды үптеп кетіп жүрген. Жымысқы ойын іске асыру үшін алдымен олар темір торды кесіп, терезені күштеп ашқан көрінеді. Қаскөйлер жазадан сытылып кете алмады. Тоналған бағалы заттың бәрі тәркіленді. Ұсталған төрт күдікті Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер олардың осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Өткен демалыс күндері бұл қаскөйлер темірторларды кесіп, терезені ашып, Шашкин көшесіндегі үйлердің пәтерінің біріне кіріп ұрлық жасаған. Күдіктілерді ұстаған кезде айғақ заттар, атап айтқанда, алтын бұйымдар және ақшалай қаражат тәркіленді, қылмыстық іске қосылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.