«Миы ісіп кеткен». Үндістанда белгісіз індеттен 16 адам көз жұмды
Үндістанда белгісіз індеттен 16 адам көз жұмды. Марқұмдардың нендей кеселге шалдыққанын дәрігерлер анықтай алмай отыр. Бірақ барлығының миы ісіп кеткен.
Автор: Әсем Лесбек
28.01.2025
Өлім дерегі Джамму мен Кашмир штаттарында тіркелді. Мұндағы 38 тұрғын белгісіз ауруға шалдыққан. Науқастардың көбінде ортақ белгілері байқалады: дене қызуы, жүрек айну, әлсіздік. Осындай сынды шағыммен дәрігерлергежүгінген.
Қаза болғандар үш отбасының мүшелері. Мамандар қазір кеселдің түрін анықтау мақсатында зерттеуді бастады. Оның алдын ала қорытындысы бойынша, вирустық, не бактериялық инфекция түрін анықтамаған. Десе де індеттің тарауына токсиннің әсері болған деген болжам айтылды. Қазір ел билігі өңірлерде карантин жариялап, халықты сақ болуға шақырып отыр. Ал аты жоқ аурудан қаза тапқандардың үйінің есігіне мөр басылып, жабылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!