{metadescription}
Үлкен сұранысқа ие жанармай тек 5 теңгеге қымбаттайды
Үлкен сұранысқа ие жанармай тек 5 теңгеге қымбаттайды

Үлкен сұранысқа ие жанармай тек 5 теңгеге қымбаттайды

Үлкен сұранысқа ие жанармай бағасы 5 теңгеге ғана қымбаттайды. Ақпаннан бастап бензин мен автогаз бағасын министрлік реттемейді деген мәлімдемеден кейін, ведомство басшысы бүгін нарықты бәрібір сырттай бақылауға тура келетінін жеткізді. Министр Сәтқалиевтің айтуынша, шектен шыққан алыпсатарларға қолданылатын шара да бар.

Елімізде мұнай өнімдерінің бағасы бірден күрт көтерілуіне жол берілмейді. Ол үшін мемлекетте барлық тетік бар деп атап өтті, министр. Егер жанармай желілері немесе жекелеген бекеттер бағаны жөнсіз өсіріп, табыс тауып жатса, монополияға қарсы органдар мен жергілікті атқарушы органдар мониторинг жүргізеді. Біз жанармай бекеттеріндегі жағдай туралы күнделікті ақпарат алып отырамыз, – дейді Сәтқалиев. Министрліктің болжауынша, сұйылтылған газ бағасы 107 теңгеге дейін баруы мүмкін. Бұл елдің орталығы, солтүстігі мен шығыс өңірлеріне қатысты. Ал батыста 65 теңге шамасында болмақ. Ал жанармайдың 400 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін емес. «Үкімет оған жол бермейді» - дейді энергетика министрі.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Біздің қолымыздағы болжам бойынша, бастапқыда 5 теңгеге қымбаттайды. Біз нарықтағы қатысушыларға осы мөлшерден асырмауға бағдар беріп отырмыз. Егер баға тез әрі белгіленген межеден асып бара жатса, әрине, әрбір жағдайға әрекет етеміз. АИ-92-нің литрі 210 теңгеден аспауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.