{metadescription}
Ермұрат Бәпи: Басшы лауазымына тағайындалатын кадрлар жанымызда жүр
Ермұрат Бәпи: Басшы лауазымына тағайындалатын кадрлар жанымызда жүр

Ермұрат Бәпи: Басшы лауазымына тағайындалатын кадрлар жанымызда жүр

Министр мен әкім болар жігіттер парламенттің өзінде отыр. Үкіметтің кешегі бірлескен отырысында президенттің орталыққа жалтақтамайтын, өздігінше шешім қабылдайтын кадр қажет дегені сол-ақ екен, Мәжіліс депуттары бүгін қызметке лайықтыларын өз арасынан таңдай бастады.

Ал өз елін "Штрафстанға" теңеп, басы дауға қалған Азат Перуашев енді «жаздым-жаңылдым» деп отыр. Әне-міне өзгеріске ұшырайтын қосымша құн салығына қатысты реформалардың бірсыпырасы да бүгінгі Мәжіліс жиынында айтылды. Халық қалаулыларының ұсыныстарын КТК тілшісі де тыңдап қайтты.

Премьер-министр күні кеше "қосымша құн салығын өсіреміз" дегелі, бұқараның уайымы бүгін жер-жерден естілуде. Экономикамыз нарықтық болғаннан соң, азық-түліктен бастап, бәрінің бағасы өсуі мүмкін екенін бүгін депутаттар да айтты. Сондықтан салық заңын талқылағанда, бірден 20 пайызға өсуіне жол бермейміз деп отыр.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

20 пайыз салықты көтеру туралы мәселе әлі нақты қабылданған жоқ. Ол Парламентке келді. Үкіметпен бұл туралы әлі талқыланады. Еуропа елдерінде, сонымен қатар, қосымша құн салығының екі шкаласы бар. Яғни әлеуметтік тауарларға шкала төмен болады, ал қосымша құны жоғары тауарларға жоғары болады.

Айыппұл тақырыбында биік-биік мінберлерден жиі төбе көрсетіп, Қазақстанды "Штрафстанға" теңеп сөз сөйлеген Азат Перуашевтің бүгінгі адуыны басылған. Мәжіліс кулуарында тілшілер қауымына ұстатпай өтіп кетемін деген жоспары іске аспай қалған ол, ақыры, бұған дейін асығып айтқан ойларым "асылық айтқан болып шықты" дейді.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

Президентпен толық келісемін. Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Мен ол жерде сәл басқаша айттым ғой айыппұл жауапкершілікке сай болу керек. Сондықтан мына терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Ол рас. Мойындап отырмын.

Мәжіліске Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелерін қатар жұмыс істету туралы келісімді таныстыруға әкелген энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бүгін жұмысы тым қауырт. Жүре жауап берген шенеуніктің бар айтқаны жанармай саласында бағаны қас қақпай бағып отыр. Тек салада инфрақұрылымның көнергені сонша, біртіндеп құнын өсірмесек, жанармай тапшылығы басталады екен. Министрмен мәжілісмендер де келісіп отыр.

Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:

Жанармай бойынша энергетика министі алдымдыздан өтті. Оның айтуынша, қазір бензин бағасының баяу көтерілуі инфрақұрылымның ескіруінен. Олардың пікірінше, егер біз бағаны өсірмесек, 5-7 жылда мүлдем жанарамайсыз қаламыз.

Үкіметтің кешегі бірлескен отырысында президент халықпен жұмыс істейтін бірінші басшыларды сын садағына алған болатын. Оларға "жұртқа жақын, елге сүйкімді" шенеунік болуды тапсырды. Бастаманы іліп алып кеткен халық қалаулылары «сен тұр, мен атайын» кадрлар арамызда да жүр дейді.

Ермұрат Бәпи Мәжіліс депутаты:

Басшылық лауазымға тағайындалатын кадрларды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Олар біздің жанымызда жүр. Бірінші кезекте, ел мүддесін ойлайтын, ондай оғлан азаматтарды, ең алдымен бизнестен, азаматтық қоғамнан іздеу керек. Президент айтқандай, оларды батыл тағайындау керек.

Атқарушы биліктің бойына 1қан жүгіртуге сақадай-сай дайынбыз1 деген депутаттар, әр шенеунік орталыққа қарамай, өздігінше шешім шығаруға дағдыланса екен деген пікірде. Қазақстанды мазақтауға жол бермей, Парламент этикасын сақтауды бір адамдай ұстанбақшы. Ал қосымша құн салығын көтеру мәселесіне келгенде, әлі ортақ тоқтам жоқ. Бизнес өкілдері, сарапшылар мен қарапайым жұрттың пікірі ескерусіз қалмайды дейді депутаттар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде