{metadescription}
«Комада жатыр». Атырауда қос құзырлы орган қызметкерлері төбелескен
«Комада жатыр». Атырауда қос құзырлы орган қызметкерлері төбелескен

«Комада жатыр». Атырауда қос құзырлы орган қызметкерлері төбелескен

Атырауда екі бірдей құзырлы орган қызметкерлері төбелесіп, бір басшы ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Өңірдегі көлік прокуратурасы мен мемлекеттік кірістер департаменті басшылары бірге демалып, арты жұдырықтасумен аяқталған.

Шенеуніктер төбелесі қала орталығындағы мейрамханада болған. Лауазымды бес қызметкер VIP бөлмеде оңаша отырған көрінеді. Таңға жуық мейрамхана даяшылары мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әліби Бақытжановтың кабинада ес-түссіз күйде жатқанын көріп жедел жәрдем шақыртқан. Тергеу тобы оқиға орнының видеожазбасын қарағанда аталмыш прокуратура мен салық органының қызметкері Жарболат Қуаныш пен Әліби Бақытжанов сөзге келіспей қалғанын анықтаған.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

ҚР ҚК 106-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат, тергеу мүддесіне сәйкес, жариялауға жатпайды.

Бейресми деректер бойынша, оңбай соққы алған кірістер департаменті басшысы орынбасары Әліби Бақытжанов ауруханада ес-түссіз жатыр. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы бұл шенеуніктің денсаулығына қатысты нақты ақпарат бермей отыр. Ал бас көлік прокуратурасы аталмыш оқиғаға қатысты мән-жайды анықтап, қызмет тексерісін жүргіземіз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде