{metadescription}
Шерзат Полаттың өлімі: Күдіктілер мен куәгерлерден 117 рет жауап алынған
Шерзат Полаттың өлімі: Күдіктілер мен куәгерлерден 117 рет жауап алынған

Шерзат Полаттың өлімі: Күдіктілер мен куәгерлерден 117 рет жауап алынған

Күдіктілер мен куәгерлерден 117 рет жауап алынған. Талғарлық Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істің мән-жайын бүгін бас прокурордың орынбасары мәлімдеді. Осыған дейін жасөспірімнің қазасына байланысты 39 сараптама жасалған. Бұған қоса 90 диск қаралып, 36 рет беттесу өтіпті. Жуырда тергеу аяқталып, қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр.

Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Істің материалдарымен таныстырылып жатыр. Уақыты шектелмеген. Қашан бітетінін уақыт көрсетеді. Содан кейін ол прокуратураға түсіп, прокуратура қарап, оны сотқа жіберетін болады.

Бұған қоса прокуратурадағылар марқұмның туыс әпкесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Өткен айда Бақыт Рейімова көпшілікті митингіге шығуға шақырып, ақыр соңында 15 тәулікке қамалған және жазасын өтеп болған соң Қазақстаннан депортациялануы тиіс еді. Алайда ол әлі де ел аумағында екен. Қазір Рейімованың елде қалу туралы өтініші Жоғарғы сотта қаралып жатыр дейді бас прокурордың орынбасары.

Еске салсақ, 16 жастағы Шерзат Полат өткен жылдың қазан айында кісі қолынан қаза тапқан болатын. Азық-түлік дүкенінен жанжал шығып, арты жаппай төбелеске ұласады. Сол кезде жасөспірім пышақ жарақаттарын алған. Ал өткен айда оның туыс ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті Талғардың шетіндегі зират аумағынан табылды. Марқұмның жерлеу рәсімінен соң туыстары шу шығарып, бірнеше адам 15 тәулікке қамауға алынған-ды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде