{metadescription}
Атырау мұнай және газ өңдеу зауытындағы тексеріс екі айға созылады
Атырау мұнай және газ өңдеу зауытындағы тексеріс екі айға созылады

Атырау мұнай және газ өңдеу зауытындағы тексеріс екі айға созылады

Атырау мұнай және газ өңдеу зауытындағы тексеріс тағы екі айға созылады. Кәсіпорын мұнай өңдеуге кеткен шығынды тым көтеріп жіберген деген күдікке ілінген болатын.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, Атырау иұнай және газ өңдеу зауыты 2021-2023 жылдар аралығында қызмет бағасын нарықтағы өзге өндірістерден 31 пайызға өсіріген. Осылайша мұнай өңдеуде нарық бағасын ескермей, бәсекелесті қорғау заңнамасын бұзған.

Агенттік мамандарының айтуынша бұл тексеріс әлі екі айға созылады. Бірақ ол кәсіпорынның жұмысына әсер етпейді, яғни өндіріс жалғаса бермек.

Әсел Әдиева, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы департаменті басшысының орынбасары:

  Тергеу 6 қаңтарда басталып, үш айға созылады. Тергеу қорытындысында заң бұзылғаны анықталады. Тергеу фактісі анықталса, толықтай монополиялық кіріс тәркілене отырып, бес пайыз көлемінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде