Ақтөбеде қаптаған қаңғырған иттер адамдарға шауып жатыр
Ақтөбеде қаңғырған иттер қаптады. Қыстыгүні үйірімен жүретін бұралқылар қаланың қақ ортасында адамдарға шабатын болған. Тіпті мектеп оқушыларын қауып ала жаздаған жағдай да көбейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.01.2025
Гүлнәз Әкімниязова:
— Балаға шабуылдап, жүгіріп, күртешесінің сыртынан қапқан. Жолы болып, қайта еш жері жарақаттанбаған. Иттің тісі батпаған. Баламның қолында аяқ киімі салынған сумка болған. Сол сумкамен иттерді ұрыпты. Бламды бір мұғалім үйге көлігімен әкелді.
Жануарларды қорғауға қатысты заң шыққалы, Ақтөбе көшесінде иесіз ит-мысық көбейген. Аялдамаларды ықтап, мектеп ауласының алдында топтасып жүреді. Мамандар баласына алаңдаған ата-аналардан арыз көп түсетінін айтады. Айналдырған бір айға жетпей, 1121 бұралқыны аулапты. Бұрынғыдай атып немесе дәрі беріп өлтіре де алмайды. Сондықтан ауланған иттерді тек ветеринария бекетінің жанындағы шағын торға қамайды, жеке кәсіпкерге тиесілі панажайға береді. Ұзақ ұстауға мүмкіндігі жоқ. Қала әкімдігі иесіз иттерге арналған орын салуға сегіз 8 гектар жер бөліпті. Ал ит-мысығын есепке қоюға тұрғындар енжар. Заңмен мәжбүрлегенмен, осы күнге дейін бар болғаны жеті жарым мың ит пен 500-дей мысыққа ақтөбеліктер құжат алған.
Қаңғырған иттердің қаптап кетуіне тасқын да себеп дейді мамандар. Су астында қалған саяжайлардан қашқан иттер қала орталығында үйіріп жүр. Үй күзетуге де қажеті болмай жатыр деп қынжылады ветеринарлар.
Шахидолла Рахимов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
— Ауланып жатқан иттердің ішінде асыл тұқымды ит көп. Алабай тұқымдас, неміс овчарскісі тұқымдас, басқалай тұқымдас иттер. Бұл заманда адамдар үйіне видеокамера қойып жатыр. Бұрынғы ит күзететін орынды видеокамералар атқарып жатқан сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!