Күн күрт бұзылады — қалың қар, қар аралас жаңбыр, көктайғақ
Алдағы екі күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады. Солтүстік, Шығыс және Орталықта қалың қар түссе, Оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ әлекке салғалы тұр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
29.01.2025
Келе жатқан жаңа циклон солтүстік шығыс пен орталық өңірлерге аяз әкеле жатыр. Қатты желі де бар. Бұл аймақтарда температура күндіз 20, түнде минус 30- ға дейін төмендеуі мүмкін. Синоптиктер қарлы боран болады деп те болжап отыр.
Алматы облысы мен Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа әкеледі. Бұған осы өңірлерде соғатын қатты жел себеп. Сондықтан алдығы күн райында төтеншеліктер алыс жолға шығарда сақ болуы ескертеді. Мұндай күн райы алдағы екі күнде осылай құбылмақ. Тек еліміздің батыс облыстарында ғана тыныш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!