«Террор». Тараз тұрғындарының түн тыныштығын жалған хабарлама бұзды
Тараздағы бірнеше мөлтек аудан тұрғындарының түн тыныштығын террорлық акті туралы жалған хабарлама бұзды. Кешкі уақытта ішкі істер министрлігінің кеңсесіне Тараздағы «сауда нүктесіне бомба қойылды» деген хабарлама келген.
Автор: Сәбит Әлдебай
29.01.2025
Тез арада аумақты қоршап, дүрліккен жұртты қауіпсіз жерге шығарған күш құрылымдары жарылғыш затты арнайы құралмен іздеуге кіріскен. Алайда бомбаға ұқсас ештеңе табылмады. Жедел іздестіру шарасы жүргізіліп, хабарлама жіберген ІР мекенжай анықталды. Қазір күдіктіні іздеп жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Жалған ақпарат таратқан адамды анықтап жатырмыз. Терроризм акті туралы жалған хабар тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!