{metadescription}
Үндістандағы діни фестивальға жиналғандар бірін-бірі таптап, 15 адам қаза тапты
Үндістандағы діни фестивальға жиналғандар бірін-бірі таптап, 15 адам қаза тапты

Үндістандағы діни фестивальға жиналғандар бірін-бірі таптап, 15 адам қаза тапты

Үндістанда «Кумбха мела» діни фестиваліне жиналғандар бірін-бірі таптап, 15 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын жараланып ауруханаға түскен.

Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының Праяграж қаласында болды. Діни рәсім Ганг және Ямуна өзендерінің түйіскен жерінде өткен. Қалың қауым қасиетті суға шомылуға кезек күтіп тұрғанда қоршау сынып кетіпті. Содан ел дүрлігіп, адамдар жан-жаққа қаша бастаған. Үлгермегені, жығылғаны мыңдаған адамның аяқ астында қалған.

Айта кетейік, «Кумбха мела» фестивалі 12 жыл сайын өтеді. Биыл ол 13 қаңтарда басталды. Ел билігі алты аптаға дейін жалғасатын рәсімге 400 миллионнан астам адам келеді деп болжайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.