«Жаңа жыл». Қазақ-қытай шекарасы 1ақпанға дейін жабық болмақ
Шығыс жылнамасы бойынша Қытай және бірнеше Шығыс Азия елдері жаңа жылды тойлап жатыр. Бұл әсіресе Қытай елінде ең маңызды мереке төрт — мың жылдан астам тарихы бар. Жылан жылының басталуы 12 ақпанға дейін атап өтілмек. Осыған байланысты қазақ-қытай шекарасы 1-ақпанға дейін жабық болмақ.
Автор: Шапағат Мырзабекова
29.01.2025
Қытай халқы тағатсыздана күтетін "Көктем мерекесіне" билік асқан ыждағатпен дайындалады. Түрлі көрме, концерт, жәрмеңке мен шамдар фестивалін ұйымдастырған. Шығыс күнтізбесі бойынша дәл осы күні 4723 жыл басталады.
Батыс жаңа жылды қарсы алып болса, Қытай халқы мерекені тойлауға енді кірісті. Бірден 15 күнге созылатын мейрамда сыртта жүргендер елге оралып, отбасымен бірге тойлауға асығуда. Биыл Шығыс күнтізбесі бойынша Жылан жылы. Басты символ жорамал бойынша сабырлықты, даналық пен адам бойындағы ерекше құбылысты бейнелейді екен.
Төрт мың жылға созылып дәстүрге айналған мейрамда қытайлықтар үйін түрлі әшекеймен безендіріп, қызыл шамдарды іледі. Отшашулар мен фейерверктер атады. Ең қызығы, бір-біріне барып қонақ болғандар балаларға арнайы қызыл конверт сыйлауға тиіс екен. Дәстүр бойынша оның ішіне ақша салынады. Мұндай салт сол отбасыға игілік пен табыс әкеледі деген наным бар.
Аспан асты еліндегі көктем мерекесіне орай, Қытай мен Қазақстан шекарасы уақытша жабылды. 1 ақпанға дейін өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Нақтырақ айтсақ, пункттерден адамдар, көліктер мен жүк жіберілмейді. Ал теміржол өткізу бекеттері штаттық қалыпта жұмысын жалғастырады. Көрші елде де, әдеттегідей, барлық мекеме мен базар, ойын-сауық орталықтары түгел жабық.
Айта кетейік, биыл Қытай жаңа жылы ресми түрде Сингапур, Индонезия, Малайзия, Бруней, Таиланд, Филиппин мен Маврикийде тойланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!