Депутаттар дабыл қақты — 14-15 жастағы қыздардың бала тууы жиілеген
Елімізде 14-15 жастағы қаршадай қыздардың бала тууы жиілеген. Сенатта жасөспірімдердің жүктілігіне қатысты қорқынышты статистика айтылды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.01.2025
Депутаттардың дабыл қағуы бекер емес. Соңғы екі жылда осындай алты мыңға жуық қыз босаныпты және бұл тіркелгені ғана. «Бесіктен белі шықпай жатып» жүкті болған жағдайлар, әсіресе оңтүстік пен батыс аймақтарда көп. «Бұл жайтқа көз жұма қарауға болмайды» деген сенатор Нұртөре Жүсіп, ата-аналардан бастап, білім мен денсаулық сақтау саласының іске белсенді араласуын талап етті. Оның үстіне қаршадай қыздарды жүктілікке әкелетін зорлық-зомбылық та көбейген. Сенатор жасөспірімдердің денсаулығына да, болашағына да балта шабатын мұндай жәйттердің алдын алып, күресуге шақырады. Оны, әсіресе ауыл аймақтағы ахуал алдаңдатады.
Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:
— Имандылықтың ұясы деп саналатын ауылдарда екі есе артып отыр. Біз осы қайда бара жатырмыз?! Ұят деген ұғымның өлгені ме?! Көрсек те, көрмеген, білсек те, білмеген болып отыра береміз бе?! Бұл мәселеге аса көңіл бөлмесе болмайды. Өйткені бұның әлеуметтік салдары бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!