{metadescription}
ҚР СІМ АҚШ-тағы қазақстандық заңсыз мигранттар мәліметіне түсініктеме берді
ҚР СІМ АҚШ-тағы қазақстандық заңсыз мигранттар мәліметіне түсініктеме берді

ҚР СІМ АҚШ-тағы қазақстандық заңсыз мигранттар мәліметіне түсініктеме берді

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тан шығарылып жатқан заңсыз мигранттардың арасында «369 қазақстандық бар» деген мәліметке қатысты түсініктеме берді. Министрліктің баспасөз қызметі бұл тізім былтыр жарияланғанын айтады. Сондықтан жаңа президенттің көші-қон саясатына қатысты талапты күшейтуімен байланысы жоқ.

Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, ондағы виза мерзімі өткендер елге өз еркімен қайта алады. Олай болмаған жағдайда депортациялануы да бек мүмкін дейді. Ол АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі бұған дейін ел азаматтарына жеке-жеке  хабарлама жібергенін айтады. Әзірге миграциялық қиындыққа тап болып, елшілікке жүгінген отандастарымыз жоқ екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде