Шұбаркөл көмірін биржаға шығарып 2 млрд теңге пайдаға кенелген
Шұбаркөл көмірін биржаға шығарған компания басшылығы заңсыз жолмен 2 миллиард теңге пайдаға кенелген. Өйткені олар биржадағы көмірді таныстарының атына ашылған брокерлік компанияларға ғана сатқан. Ол үнемі пара алып келіпті.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.01.2025
Modern Trading Solutions компаниясы көмірді биржа арқылы делдалсыз сатып, оның әділ бағасын қалыптастыруға тиіс болатын. Алайда биржа басшылығы 23 брокерлік компанияны туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркеп қойған. Көмірді де солар алып отырған. Ал сырттан кірген кәсіпкерлерге аккредитация мерзімін созып, келісімшартқа қол қоймай, саудаға қатысуына жол бермеген. Бұл жағдай әсіресе жылу маусымы алдында көптеген арыз-шағым мен әлеуметтік шиеленіске әкелді. Өз таныстарына үлестіргені үшін алған парадан миллиардтаған теңге пайдаға кенеліпті.
Серікбай Бекжігіт, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
— Қылмыстық топтың жыл сайынғы кірісі 2 миллиард теңгеден асқан. Оны өзіне қарасты компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Сауда биржасының үш басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, ал тағы біреуіне осындай шарамен қатар іздеу жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!