{metadescription}
«2 мыңдай SIM-карта». Қазақстанға арнайы келіп, киберқылмысқа білек сыбана кіріскен
«2 мыңдай SIM-карта». Қазақстанға арнайы келіп, киберқылмысқа білек сыбана кіріскен

«2 мыңдай SIM-карта». Қазақстанға арнайы келіп, киберқылмысқа білек сыбана кіріскен

Интернетте алаяқтықпен айналысу үшін Қазақстанға арнайы келген. Алматыда киберқылмысқа білек сыбана кіріскен шетел азаматы ұсталды. Оның жалдамалы пәтерінен 2 мыңға жуық SIM-карта тәркіленді.

Күдіктінің кезекті алаяқ әрекетінің жолын ішкі істер министрлігіне қарасты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері кесті. Ол тұрып жатқан үйден үш sim-box құрылғысы анықталды. Әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Шетел азаматы осы құрылғылардың көмегімен отандастарымызды арбауына түсіру үшін қоңырау шалып отырған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шетелдіктің алаяқ әрекетінің құрбандары туралы тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жандос Сүйінбай, ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық жолмен, аталмыш жабдықтар  арқылы қызмет көрсетумен айналысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.