Алматы: Автобустан будақтап шыққан көк түтін елдің зәресін ұшырды
Алматыда автобустан будақтап шыққан көк түтін елдің зәресін алды. Жүргізуші жол ортасында тоқтап, автобустағы адамдарды жылдам шығарып үлгерген. Жолаушылар дін аман.
Автор: Ақтоты Жұмабек
30.01.2025
Оқиға таңертең Абай мен Достық даңғылының қиылысында болды. Сол сәтте автобус тоқтап үлгеріп, барлығын сыртқа шығарған. Төтеншеліктердің мәліметінше, 101 нөміріне қоңырау түспепті. Дегенмен бейнебақылау арқылы мамандар автобустың ішінде жолаулышардың жоқ екеніне көз жеткізген. Айта кетейік, №48 бағыттағы қоғамдық көлік төртінші автопаркке тиесілі.
Гүлдана Нұрымбетова, Алматы ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасының аға инженері:
— 101 желісіне өрт туралы қоңырау түскен жоқ. Алайда сағат оннан кете әлеуметтік желілерде видео таралды. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін адамдар көп жиналатын орындарда орнатылған бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Тексергенде автобустың ішінде жолаушылар жоқ екені анықталды. Аталмыш жағдай бойынша өрт тіркелген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!