{metadescription}
Ұлы Абайдың 180 жылдығына 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған
Ұлы Абайдың 180 жылдығына 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған

Ұлы Абайдың 180 жылдығына 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған

Ұлы Абайдың 180 жылдығы туған жері Семейде атап өтіле бастады. Алғашқы іс-шара – «Абай — әлемдегі ойдың алыбы» көрмесі.

Ақынның 180 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланады. Республикалық және облыстық деңгейде 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Ал бүгін Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі іс-шаралар легінің шымылдығын көрмемен ашты. Онда ағартушының қолжазбалары, естеліктер, аспаптар мен фотосуреттері жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ Хәкім Абайдың Санкт-Петерборда басылған тұңғыш өлеңдер жинағы, 1922 және 1933 жылдары жарыққа шыққан кітаптары орын алды. Қазір ұлы ойшылдың бас музейінде 900-ден аса бейнелеу туындысы сақталған. 

Нұрсұлу Өмірбекова, экспозиция және көрме ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:

Абайдың өзі кезінде өлкетану музейіне тапсырған жәдігерлерінің бірі ағаш құты қурайдан жасалған сыбызғы музыкалық аспабын осы көрмеден көруге болады және де Абайдың өмірде екі суреті сақталған. Оның бірі балаларымен түскен, екіншісі отбасымен түскен сурет. Сол  суретті де осы көрмеден көресіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде