Талдықорған: Қызын ұрып өлтірген әйел мен оның күйеуі сотталды
Талдықорғанда өз қызын өлтірген әйел мен оның күйеуі сотталды. 14 жастағы қызын ұрып өлтіргені дәлелденді. Өгей әке — өмір бойына, ал шешесі 19 жылға сотталды.
Автор: Ақтоты Жұмабек
31.01.2025
Жасөспірім Карина Дорохина 2023 жылдың күзінде жоғалып кеткен еді. Полицейлер қаршадай қыздың мәйітін бір жыл бұрын Текелідегі жота маңынан тапқан. Оның денесіндегі көгерген іздерді мамандар бірден байқапты. Тергеу кезінде марқұм Каринаның өгей әкесі отбасылық жанжалдан кейін оны аяусыз тепкілеп, артынша жансыз денесін көлікке салып әкеткені анықталды. Көп ұзамай, ерлі-зайыпты жасөспірімді өлтіргенін мойындаған.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың Каринадан бөлек ортақ үш баласы бар.
Нұрсұлтан Орынбасаров, Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі басшысы:
— Сот үкімімен өгей әке барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына моральдық өтемақысы ретінде 15 миллион теңге өндіріп алды. Қайтыс болған қыздың анасы барлық бап бойынша кінәлі деп танылып 19 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 46-бабына сәйкес, әйелге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!