{metadescription}
«1 млн 20 мың». Мобильді аударымдарға жаңа лимит қойылады
Мобильді аударымдарға жаңа лимит қойылады. Бұған дейін үш ай қатарынан есепшотына 225 мың теңгеден артық ақша түскендерді салықшылар назарға алып тексереді деген.
Автор: Айжан Шамшидин
31.01.2025
Енді көптің сұранысымен қаржы министрлігі бұл соманы 1 миллион 20 мың теңгеге дейін өсіруді көздеп отыр. Яғни үш ай ішінде есепшотына кез келген сомада 100 мобильді аударымнан аса ақша келіп түссе де, бастысы, осы белгіленген лимиттен аспаса, азамат салықшылар назарына ілінбейді. Қаржы министрлігінің жаңа ұсынысы қазір Ұлттық банктің қарауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!