{metadescription}

Ұлттық қор: 18 жасқа толмаған әр балаға 129 доллар 38 центтен аударылған

Ұлттық қордан балаларға биылғы төлем түсті. 18 жасқа толмаған қазақстандық әр балаға 129 доллар 38 центтен аударылған. Бастаманың іске аса бастағанына биыл — екінші жыл.

Былтыр 7 мыңға жуық баланың шотына 100 доллар 52 центтен аударылған. Соның ішінде 306 мыңға жуық жасөспірім 18 жасқа толып үлгеріп, олар тізімнен шыққан. Аударылған ақшаның жалпы сомасы   695 миллион доллар. Ал биыл былтырғымен салыстырғанда, түскен ақшада сәл айырмашылық  бар. Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табысқа байланысты, әр балаға бөле келгенде, биыл 129 доллар 38 центті құраған.

Жаңа аударымдар туралы ақпаратты eGov.kz порталынан және eGov Mobile мобильді қосымшасынан 1 ақпаннан бастап көруге болады дейді қаржы министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, бұл төлем доллармен төленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.