{metadescription}
Вашингтондағы әуе апатынан 67 адам көз жұмды
Вашингтондағы әуе апатынан 67 адам көз жұмды

Вашингтондағы әуе апатынан 67 адам көз жұмды

Вашингтондағы әуе апатынан ешкім аман қалмады. Оқыс оқиғадан борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері — бас-аяғы 67 адам көз жұмды. Құтқарушылар әзірге су астынан 30 адамның мәйітін алып шықты, қалғаны іздестіріліп жатыр.

«Американ Эйрлайнс» компаниясына тиесілі ұшақ Уичитодан Вашингтонға қарай бет алған. Бірақ Рональд Рейган әуежайына қона бергенде әскери тікұшақпен соқтығысады. Апаттан жолаушыға лық толы ұшақ бөлшектеніп, Потомак өзеніне құлаған. Тікұшақ ішіндегі үш әскери де тірі қалмады. Қазір қос әуе техникасы өзен түбінде жатыр.

Айта кетейік, қаза болғандардың ішінде АҚШ пен Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушылары және олардың жаттықтырушылары болған. Мамандар оқыс оқиғаның себебін әлі анықтауда.

Айта кетейік, Ақ үй басшысы Дональд Трамп қайғылы жағдайдан соң елде қаралы күн жариялады. Ал ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалықтарға көңіл айтып, суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде