{metadescription}
Түркістан облысы: IX ғасырлық тарихы бар мәдени мұра қирап қалды
Түркістан облысы: IX ғасырлық тарихы бар мәдени мұра қирап қалды

Түркістан облысы: IX ғасырлық тарихы бар мәдени мұра қирап қалды

Түркістан облысында мемлекет қорғауындағы IX ғасырлық тарихы бар мәдени мұра қирап қалды. Қаратау шыңына Ақбикеш мұнарасы XII ғасырда салынған. Кесененің опырылуын тұрғындар реставрация жұмысынан көруде. Себебі үш жыл бұрын көне қарауылхананы жаңғыртуға келген құрылысшылар мәдени мұраны «бүтіндейміз» деп жүріп бүлдірген.

2022 жылы мұнараны нығайтуға 30 миллион теңге бөлінген. Бірақ жаңғырту жұмыстарын көрген тұрғындары бүтіндеуді реставратор мамандар емес, гастарбайтерлер жүргізгенін айтты. Реставрация жұмысы біткен соң да, көп өтпей сылағы түсіп, қабырғалары сөгіле бастапты. Осылайша IX ғасыр тұрған 11 метрлік мұнара жаңартылғанына үш жыл өтпестен опырылып қалды. Созақ ауданының әкімдігі мәдени мұраның бүлініп жатқаны туралы талайдан бері дабыл қақтық дейді. Енді қираған мұнараны үш жыл бұрын жаңғырту жұмыстарын жүргізген «Қазқайтажаңарту» мекемесі қайта бүтіндемек.

Серік Маманов, Созақ ауданы әкімінің орынбасары:

2020 жылы «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мекемесінің Қызылорда филиалы тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Біз осы мекемеге кешегі жағдайды толық баяндап, ол мекеме арнайы комиссия құрып, алдағы уақытта осы мұнарамызды қайта қалпына келтіру жүргізілетінін хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде