Астанада адамдарды қорқытып-үркітіп, бопсаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Астанада адамдарды қорқытып-үркітіп, бопсалап, тонаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Құрамында қолы қарулы жастар ғана емес, бірнеше рет сотталып, талай жылын түрмеде өткізген кәнігі қылмыскерлер де бар.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
31.01.2025
Бас қаланы айналшықтап жүргендердің істеген қылмысы көп. Аңғал жұртты алдаған, оған көнбегендерін қорқытып, зорлық-зомбылық та жасаған дейді полицейлер. Мәселен, жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге және «Тоуота» маркалы жол талғамайтын көлігін көпе-көрнеу тартып алыпты. Банктерді жағалап, банктен шыққандар тонаумен де айналысқан. Бұрын талай рет түрмеден-түрмеге ауысып, жазасын өтеп шыққандардың басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деген күдік бар.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
— Қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды. Оларды басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, алдын ала сөз байласу бойынша істеген бопсалау, тонау фактілеріне қатысты жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!