Әскерлердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілді: ет, бауырсақ, сірне, нарын, кеспе
Енді әскердегі сарбаздар ет пен бауырсақ жейді. Сонымен бірге мәзірге сірне, наурыз көже, нарын, кеспе сияқты дәстүрлі тағамдар енгізілмек.
Автор: Ақтоты Жұмабек
31.01.2025
Ұлттық ұландағылар осылайша сарбаздардың жауынгерлік рухы мен денсаулығын нығайтпақ. Бұл шешім тіпті алдын ала Қазақ тағамтану академиясымен келісіліп қойылған. Мамандар осы тағамдардың құрамындағы пайдалы дәрумендер Отан қорғаушылардың күш-қуаттын арттыратынына сенімді. Бұл бастамаға төтеншеліктер, полиция мен қорғаныс министрлігіндегілер қызыға қарап, бірауыздан қолдады.
Қайсар Ізбасаров, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы азық-түлік қызметінің бастығы, майор:
— ҚР Ұлттық ұланның бастамасымен, сондай-ақ қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың бастамасымен тамақтану жүйесіне, нақты айтқанда, рационына ұлттық тағамдарды енгізу ұсынылды. Бұл жоба Қазақ тағамтану академиясымен алдын ала келісіліп отыр. Әзірге бұл ұсынылған жоба болғандықтан, атқарылатын шаруа көп. Жобаның іске асырылуында ас мәзірін қандай тағамдар және де тәуліктің қай уақытында берілетінні нақтыланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!