{metadescription}

Жезқазғанда 39 жастағы еркекті өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған күдіктілер ұсталды

Жезқазғанда 39 жастағы қала тұрғынын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған күдіктілер ұсталды. Қос қаскөй қылмыстың ізін жасыру үшін марқұмның аяқ-қолын кесіп, қоқыс жәшігіне тастай салған. 

Бұл кадрлерде еркек мен әйел адамның денесін арқалап бара жатыр. Бөлшектенген денені қоқыс жәшігіне тастай салған. Оны тазалық қызметінің жұмысшылары тауып алыпты. Денені бөлшектегенде аққан қан ізі тура 48 жастағы тұрғынның пәтеріне алып келген. Сөйтсе, ол сол түні екі еркекпен үйінде арақ ішкен екен. Арада жанжал туған. Күдікті әйел қолына пышақ алып, марқұмның тамағын осып жіберген. Сосын мәйітті жасыру үшін 35 жастағы сыбайласымен бірге марқұмның аяқ-қолын кесіп тастаған. Одан кейін иығына салып көтеріп алып, үйдің артындағы қоқыс жәшігіне лақтыра салған.

Алмас Саламатов, Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары:

30 қаңтарда Жезқазған қаласының Байқоңыр көшесіндегі үйлердің бірінде таныс адамдар арасында туындаған жанжал кісі өлімімен аяқталды. Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының екі тұрғынын анықтап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.