«Аяз ақпан». Кейбір өңірде қалың қар мен бұрқасын күтіледі
Ақпан айында аяз болады. Солтүстік-батыстан келетін циклоннан кей өңірде қалың қар мен бұрқасын күтіледі.
Автор: Әсем Лесбек
03.02.2025
Синоптиктер елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде минус 35 градусқа дейін түседі деп отыр. Ал Оңтүстік және Батыс Қазақстанда сынап бағамы 22 градусты көрсетеді. Аяздың беті тек айдың ортасынан кейін қайта бастайды. Күн жылынғанымен, жауын-шашынды болмақ.
Жұлдыз Исабекова,Гидромедициналық орталықтың ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының бастығы:
— Ақпан айында ауа райы күрт өзгереді. Бірінші он күндіктің екінші жартысында суық антикциклонның әсерінен Қазақстанда ауа температурасы төмендейді. Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде аязды күндер жылы күнмен алмасады. Қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!