Алматы - Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам қаза тапты. Қос жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, екеуінің де дымы қалмай жапырылып қалған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
04.02.2025
Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:
– Жол-көлік оқиға дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжамға сәйкес, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Жол апаты таңғы бес шамасында Алматы - Бішкек тас жолының бойында болған. Қаза тапқан үш адамнан бөлек, Chevrolet Cobalt көлігінің жарақат алған бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазір осы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер трассада өзге көліктерді басып озуға тырысып қарама-қарсы бағытқа жүйткіп шығатын жүгенсіз жүргізушілерге ескерту жасады. Олар жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға , әсіресе қыс мезгілінде аса мұқият болуға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!