{metadescription}
Қымбаттаған жарық бағасы түбіртекте мамыр, маусымда байқалады
Қымбаттаған жарық бағасы түбіртекте мамыр, маусымда байқалады

Қымбаттаған жарық бағасы түбіртекте мамыр, маусымда байқалады

Ақпаннан бастап жарық бағасы 20 пайызға қымбаттағанымен, қазақстандықтар түбіртектегі өзгерісті тек мамыр-маусым айында байқайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлімдеді. Дегенмен алматылықтар қазірдің өзінде су, жарық пен жылу бағасының шарықтап кеткеніне шағымданып жатыр. Мамандар бұған түрлі жағдай себеп болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан коммуналдық төлеммен келіспейтіндердің жағдайын жеке-жеке қарастыру керек дейді.

Дина Қилыбасова соңғы екі айда коммуналдық қызмет ақысының әлдеқайда көтерілгенін айтады. Бұрынғымен салыстырғанда 10 мың теңгеге көбірек төлем жасайтын болған. Үш бөлмелі пәтерде тұратын әйел осы айда су, жарық пен жылуға бас-аяғы 75 мың теңге төлепті. Қасымдағы көршілерімде де дәл осындай жағдай, дейді Дина. Ол бағаның ай сайын неліктен шарықтап жатқанын түсінбей дал.

Дина Қилыбасова:

Көтерілгенде, жақсы көтерілді ғой. Айырмашылығы 10 мыңнан болып тұр. Ондай баға қай жерден шықты? Ешкім нақты жауабын бермей тұр. Енді келесі айдан бағасы тағы қымбаттайды дейді. Соңғы түбіртегімізде 75 мың теңге болып тұрса, келесі айда қанша төлейміз? 90 мың, 100 мың ба?!

Жарық бағасы қымбаттағынымен, жаңа тариф әзірше шоттарда көрсетілмейді. Табиғи монополияларды реттеу комитетіндегілер нақты баға тек мамыр-маусым айларында ғана белгілі болады деп отыр. Өйткені тұтынушыға жіберілетін тарифті электр станциялары тағайындайды. Олар алдымен жарықты сатып алып, одан кейін бағаны өзгертуге өтініш жіберуге тиіс. Мамандар бұған екі-үш ай көлемінде уақыт кетеді дейді.

Аман Боранбай, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басқарма басшысы:

Әрине, әр аймаққа бөлек-бөлек тоқталу қажет. Дегенмен қазір ел бойынша тарифте ешқандай өзгеріс болмады. Өйткені бағаны көтеру үшін уәкілетті органға келіп түскен өтініш жоқ. Болған жағдайда, біз оны 30 күннің ішінде қарастырамыз.

Ал алматылықтар енді суық су мен кәрізге көбірек төлем жасайды. Жаңа тарифке сәйкес, осы айдан бастап абоненттер текше метріне 103 теңге төлемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.