{metadescription}
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы жақында шығады
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы жақында шығады

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы жақында шығады

Ақтаудағы ұшақ апатының нақты себебі әлі күнге айтылмады. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, тергеу аяқталуға жақын, ал оның қорытындысы алдағы күндері жарияланбақ. 

Еске салсақ, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ құлаған болатын. Әзірбайжандық борттағы 67 адамның 38-і қаза тапты. Тергеумен халықаралық комиссия мен ИКАО мамандары айналысып жатыр. Бұған дейін премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қаңтардың соңына дейін тергеу нәтижесі жарияланатынын мәлімдеген еді. Тергеу амалдары соңғы кезеңіне жетті. Жақын күндері апаттың нақты себебі белгілі болады дейді министр Марат Қарабаев. Оның айтуынша, сарапшылар ұшақ апатының мән-жайын жан-жақты зерттеп, тиісті қорытындысын дайындауда.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Мамандар жұмыс істеп жатыр. Зерттеуге шетел мамандары жұмылдырылды. Ресейден, Бразилиядан, Әзірбайжаннан, ICAO мен CENIPA-дан келген мамандар апатты бірге зерттеп жатыр. Қазір жұмыс аяқталуға жақын. Жақын күндері мамандардың алдын ала есебі министрліктің ресми сайтында жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.