{metadescription}
Боран: Батыста және орталық өңірде жолда қалғандар құтқарылды
Боран: Батыста және орталық өңірде жолда қалғандар құтқарылды

Боран: Батыста және орталық өңірде жолда қалғандар құтқарылды

Еліміздің батысы мен орталық өңірінде боранда жолда қалғандар құтқарылды. Трассаларды жауып тастаса да, ескертуді елемейтіндер көп дейді полицейлер.

Қостанай облысындағы Әулиекөл – Жолдама бағытындағы жолда түнімен көлік қатынасы тоқтатылды. Ақтүтек боранда Амангелді ауданына қарасты Амантоғай ауылының маңында қар құрсауында қалған сегіз жеңіл машинадағы отыз адамды елдімекенге аман жеткізді.

Ақтөбе облысында бораннан жол көрінбейді. Қол созым жерді аңғара алмаған жүк көлігінің жүргізушісі трассадан ауып кеткен. Артынша дәл сол маңнан жеңіл көліктер де жолдағы бағытынан тайыпты. Құтқарушылар көліктерді тас жолға сүйреп шығарып, Хромтау қаласына жеткізген.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Желдің жылдамдығы 58 шақырымды құрап тұр. Бораннан жол көрінбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.