{metadescription}
Қарағандыда пәтер ұрыларының ұйымдасқан тобы ұсталды
Қарағандыда пәтер ұрыларының ұйымдасқан тобы ұсталды

Қарағандыда пәтер ұрыларының ұйымдасқан тобы ұсталды

Қарағандыда пәтер ұрыларының ұйымдасқан тобы ұсталды. Олар облыс орталығы мен Теміртау қаласында терезенің темір торын кесіп, үйдегі ақша, құнды заттар мен алтын әшекейлерді үптеп отырған.

Арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 23-36 жас аралығындағы бес жігіт ұсталды.  Тергеу мәліметінше, олар өткен жылдың қараша желтоқсан айларында кемі жеті пәтерге ұрлыққа түскен. Бір пәтерден құны 1 жарым миллион теңге болатын 11 алтын бұйымды қолды қылған. Екініші бір үйден 5 мың долар мен 3 милион теңге алып кетіпті. Олар ұрлықты тек қала орталығында жасаған. Ауқатты адамдардың мекенжайын анықтап, үй иелерін аңдыған. Баспана қараусыз қалғанда терезе торын кесіп, үйге ұрлыққа түсіп отырған. Қазір олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

Тергеуде күдіктілердің Қарағанды мен Теміртаудағы жеті пәтер ұрлығына қатасы бар екені дәлелденді. Келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңге. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екені тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде