{metadescription}
Қылмыстық топ Ақтөбеде автогазды тонналап тонаған
Қылмыстық топ Ақтөбеде автогазды тонналап тонаған

Қылмыстық топ Ақтөбеде автогазды тонналап тонаған

Ақтөбеде автогазды тонналап ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Барлығы көгілдір отын өндіретін зауыттың жұмысшылары екен. Қазір арзан автогазға сұраныс жоғары. Осыны пайдаланбақ болған жұмысшылар газ өңдейтін зауыттың қалдықтарын жинап 12 вагонға тиеген. Сұйытылған ғазды есепке де дер уақытында әдейі алмапты.

Ұйымдасқын қылмыстық топты анықтауға ұлттық қауіпсіздік қызметінен бастап, полиция өкілдері мен прокуратура да тартылды. Қазір зауыттан газ ұрлап сатпақшы болғандар қамауда отыр.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі:

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып шықты. Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан ұрланған газы бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Келтірілген шығын сомасын белгілейтін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде