{metadescription}
Қосымша құн салығына қатысты өзгеріс Парламент қарауына ұсынылады
Қосымша құн салығына қатысты өзгеріс Парламент қарауына ұсынылады

Қосымша құн салығына қатысты өзгеріс Парламент қарауына ұсынылады

Қосымша құн салығының нақты қанша пайызға өсетіні алдағы екі апта ішінде белгілі болады. Үкімет салыққа қатысты өзгерісті 20 ақпанға дейін Парламент қарауына ұсынбақ. Сенат депутаттарына бюджет кодексін таныстырған Ұлттық экономика министрі күн-түн демей, дәл осы мәселемен айналысып жатыр екен. Өсетін салық кішігірім дүкен, мейрамхана мен сұлулық салонына әсер етпейді дейді Серік Жұманғарин. КТК тілшісі Жоғарғы палата неге бюджет кодексін қабылдамай кері қайтарғанын біліп қайтты.

Сенат депутаттары Төменгі палатадан келген бюджет кодексін олай-да, бұлай қарап, ақыры Мәжіліске кері қайтару туралы шешім қабылдады. Себеп әр салаға бағытталған қаржы бөлу саясатында шикі тұстар жетерлік. Заңды бастан-аяқ қарап шыққан сенаторлар 90-ға жуық өзгеріс енгізбекші. Сенат төрағасы басқасы басқа, салық және бюджет саясатының қағидаларын бекітуде он ойланып, жүз толғанған жөн дейді.

Бұл ретте қосымша құн салығын сөз еткен Әшімбаев Үкіметтің оны белді бекем бууға кеңес берген мемлекет басшысының пәрменін орындап жатқан министрлер орынсыз шығын легін қысқартуда табандылық танытса екен дейді.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

 Әрине, қазір қосымша құн салығы төңірегінде шуды түсінеміз, Үкіметтің бұл қадамына да түсініспен қараймыз. Десе де барлық салада эконом режимді жаппай қоссақ, салық саясатында да халыққа тиімді жолды таңдауға мүмкіндік туатын еді.

Президент те, төраға да эконом-режим туралы қайта-қайта сөз қозғап жатса, Ұлттық экономика министрлігінің бұл тұрғыда жоспары бөлек. Былтыр су тасқыны, одар әрірек Ковидке байланысты өтпей қалған "Астана форумына" биыл 4 жарым млрд теңге бөлініп, ақыры өткізілетін болыпты. Серік Жұманғариннің айтуынша, мұндай жиын ел беделін арттыруда, Астананы күллі әлемге паш етуде таптырмас мүмкіндік.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұл Қазақстанның бетке ұстар карточкасы. Себебі ондай форум салмақты, белсенді, танымал адамдарды тартады. Бүкіл әлемнен президенттер келеді, танымал адамдар келеді. Қазақстанды көрсетеміз. Былай айтқанда, бізге 4,5 млрд теңге жетеді, осы форумды өткізуге.

Үкімет шегірткемен күресте де биыл белсенділік танытып, зиянкестерді улайтын шетелдік дәрілерге 7 миллиард бөліпті. Ал қосымша құн салығын өсіру төңірегінде әлі нақты шешім жоқ.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 Бұл Үкімет бастамасы.28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында бағдарлама жасадым. Барлығын анық айттым. Менің бағдарламамда сіз бірде-бір 20 пайыз туралы естімедіңіз. Сол себепті осы әңгімені қою керек.

Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысында қосымша құн салығы туралы жақ ашқалы, жиналыстан көз ашпапты. Таңның атысы, кештің батысы бизнес өкілдері, жергілікті әкімдіктер мен комитет алты өңірде ірі жұмыс тобы өз жұмысын бастайды. Нақты қанша пайызға қосымша құн салығының өсетіні туралы шешімді Үкімет 20 ақпанға дейін Мәжіліске таныстыруға алып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде