{metadescription}
Астана: Бас имамға тиесілі ақпар таратқан таксиші  700 мыңға айыппұл арқалады
Астана: Бас имамға тиесілі ақпар таратқан таксиші  700 мыңға айыппұл арқалады

Астана: Бас имамға тиесілі ақпар таратқан таксиші 700 мыңға айыппұл арқалады

Хайп қуамын деп, қомақты айыппұл арқалады. Астанадағы зәулім үйлердің бірін қаланың бас имамына тиесілі деп ақпарат таратқан такси жүргізушісі енді 700 мың теңге төлеуге тиіс.

Әкімшілік сотта ол өз кінәсін толық мойындапты. Үйдің нақты кімге тиесілі екенін, әрі ол қандай қаражатқа салынғанын білмесе де видеоға, түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Такси жүргізушісі онысын әлеуметтік желіде қаралым жинау үшін салдым деп түсіндірген.

Еске салайық, имамның үйі туралы жазба өткен аптада жарияланып, қоғамда қызу талқыға түскен. Кейін Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов ақталуға мәжбүр болды. Негізі такси жүргізуші діни басқарма өкілінің қызметінен ғана шатасқан. Әйтпесе, зәулім сарай мүфтиятқа қарасты "Зекет" қорының Астана қаласындағы өкілдігінің экс-директорына тиесілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.