Ақтөбе: Тұрғындар түбіртектегі подъезд бен жертөле тарифіне наразы
Ақтөбеде жылу құнының өсуі көпқабатты үй тұрғындарының көңілінен шықпай отыр. Жыл басталғалы тарифтің көтерілгенінен бөлек, подъезд бен жертөлені жылытуға кететін шығын да қосылыпты. Түбіртектегі жаңа соманы көрген тұрғындар бұған наразы екенін айтты.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.02.2025
Мейрамгүл Қамашова:
— 82 мың 200 шығып тұр, мына жылу масымы басталғалы. Сонда қалай санап, бөліп тұрсыңдар? Шаршы метрінен дейді. Сонда біз жайылып кіреміз бе? Жертөледегі есептегішті алып тастасын.
Ақтөбедегі көпқабатты үй тұрғындарының басы қосыла қалса айтатыны — жылу бағасы. Әсіресі қаңтар айының төлем түбіртегі қолына тигелі әр аулада күнара жиналыс өткізетін болған. Бұрын тек пәтерін жылытуға пайдаланғаны үшін ғана ақы төлейтін. Енді оның да құны екі есе қымбаттады. Ал ұлттық экономика министрлігінің тарифке қатысты бұйрығына өзгерістер еніп, үйдің ортақ есептеу құралындағы көрсеткіш бойынша жертөле мен подъездегі жылуға да әр пәтер аумағына байланысты ақша төлеуге міндеттепті. Бұл талапты коммуналдық мекемедегілер өзгерте алмаймыз деп отыр. Онымен қоса, тұрғындар бақылаушыларды үйіне кіргізбей, уақтылы есептеуіш қондырғысына қатысты есеп бермейді деп жазғырады. Соның кесірінен қарыз көлемі де артып отырған көрінеді.
Жеңіс Қамбар, Aqtobe Su-Enеrgy group АҚ бөлім басшысы:
— Ол заңмен алынбайды. Өткені жеке құрылғы, жеке есептегіш құралы. Ол ортақ үй құрылғысымен сәйкес жұмыс атқару керек. Абонент бізге ашып бермейді де, екі ай бойы, үшінші айда ашқанда оның көлемі есепте көрінеді. Артқа қарай шегеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!