{metadescription}
Алматыда бес жыл ғана бұрын ашылған мемлекеттік балабақша жөндеу жабылады
Алматыда бес жыл ғана бұрын ашылған мемлекеттік балабақша жөндеу жабылады

Алматыда бес жыл ғана бұрын ашылған мемлекеттік балабақша жөндеу жабылады

Алматыда бар-жоғы бес жыл бұрын ашылған мемлекеттік балабақша жөндеуге жабылмақ. Мамандар су жаңа ғимаратты толық жаңартпақшы. Мұны естіген ата-аналар баласын қай балабақшаға апарарын білмей дал. Олар көктемге дейін жабылмасын деп талап етіп отыр. Бес жыл болған балабақшадан қандай кінәрат табылды, қыс ортасында құрылысты бастауға не себеп?

Сырты бүтін, іші түтін бөбекжайдың қолданысқа берілгеніне бес жылға жуық уақыт болған. Білім басқармасы мекемедегі инженерлік желілердің істен шыққаннын айтады. Оның үстіне бөлмелердің сылағы түсіп, төбесінен су ағып жатыр. Іргетасы он сантиметрге дейін отырған. Десе де ата-аналар көктемге дейін жабылмасын деп талап қойды.

Бұл жаңалықты ата-аналар бірер күн бұрын ғана естіпті. Қыс ортасында басталатын құрылыстың себебін түсінбеген ата-аналар "төбесімізге жай түскендей болды" дейді. Оның үстіне балаларын қайда апарарын білмей отыр. 

Жансая Рахымжан, ата-ана:

Қыс ортасында қандай адам жөндеуге шешім шығара салады? Баламен қайда барамыз?  Қайда тасимыз? Қай балабақша екенін әлі білмейміз. Көктемге дейін, күн жылынсын, бізге бір ай берсін деп, ата-аналар шырылдап отыр. 

Назерке Маулимсеитова, ата-ана:

Күн жылығанша, бір жарым ай созып берсе. Одан басқа еш талабымыз жоқ. Осы аптаның ішінде балабақшаны босату керек болады. Шұғыл түрде, өздеріңізге ұнайды, үш балабақшаны таңдаңыздар да, бізге жазып кетіңіздер, сол жерден орын табылса, орналастырамыз деді.

Іргетасы 2018 жылы қаланған мекемеде қазір 70-ке жуық маман жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымның мүшкіл халін тиісті мекемелерге жеткізген. Өткен жылы сараптамадан өткен мекеме апатты деп танылған. Әсіресе төбесінен су ағып, бөлмелердің сылағы түсіп жатыр.

Айнұр Әлімбекова, № 37 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:

Бүкіл шатырдан су ағады. Қыста қар жауып, көктемге қарай жаңбыр жауғанда бүкіл топтың төбесінен су ағады. Одан кейін кәріз жүйесі иістеніп тұр. Оны білесіздер, жаман иістен баланың уланып қалу қаупі бар. Балабақшамыз жабылса, барлығын балабақшамен қамтимыз деп, тізім алып, барлығын реттеп отырмыз.

Ал білім басқармасындағылар 390 баланы толық орналастыруға "қауқарымыз бар" деп отыр. Олардың айтуынша, ғимараттың құрылысы тек балалар толығымен басқа жерге ауысып болған соң ғана басталады екен.

Айта кетейік, аяқ асты пайда болған жөндеу жұмысына бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініпті.

Есбол Ибраимов, Алматы білім басқармасы техникалық қадағалау бөлімінің басшысы:

Тексеріс кезінде бір блоктың 10 см отырғаны белгілі болды. Арада сейсмикалық сызаттың арасы ашылып кеткен. Жертөледегі кәріз құрылымы бұзылып, жаман иіс шыққаны белгілі болды. Ескерту берілді. Ол бір күнде жабылып тасталмайды. Бүкіл балаларды орналастырып, содан кейін ғана жабылады.

Мамандар оқыс жағдай болмас үшін "алдын ала қамдану керек" деп отыр. Олар мұндағы құрылыс жеті айдың ішінде бітіп, қайта қолданысқа беріледі деп сендірді. Ал қыс ортасында бала-шағасын бірінен екіншісіне ауыстыратын ата-аналарға қиын болры анық.

Айта кетейік, бұл балабақша Нұркент шағын ауданында орналасқан жалғыз мектепке дейінгі білім беру мекемесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде