«Құлпынай квикті» таратып жүрген кімдер?
«Құлпынай квикті» таратып жүрген кімдер? Мектеп оқушыларына құрамында есірткісі бар кәмпит үлестіріп жатыр деген whatsapp-тағы хабарламаға қатысты ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
07.02.2025
Жұртты дүрліктерген ақпаратта жеміс дәмі бар кристалды метамфетамин кәмпит түрінде жасалып, балаларға жасырын таратылуда делінген. Ал оны қолданған балалар шетінен ауыр халде ауруханаға түсіп жатыр-мыс. Дәл осындай ақпарат бұған дейін көрші қырғыз елінде де таралған екен. Біздің елдің де ішкі істер министрлігі ақпаратты жан-жақты тексеріп, ақпараттың жалған екенін айтып отыр.
Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы:
Шындыққа жанаспайды. Қоғамда дүрбелең немесе басқа да шу тудыруы мүмкін жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Хабарламаларды таратпастан бұрын, оны мұқият тексеріп алған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!