{metadescription}
Халықаралық іздеуде жүрген азамат Грузиядан экстрадицияланды
Халықаралық іздеуде жүрген азамат Грузиядан экстрадицияланды

Халықаралық іздеуде жүрген азамат Грузиядан экстрадицияланды

"Субсидия әперемін" деп сан соқтырып кеткен. Бүгін бес жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан елге экстрадицияланды. Қылмыстық топ Ұлытау облысында жүзге жуық адамнан 30 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен алып кеткен.

Заң орындарынан бес жылдан бері жасырынып жүрген күдіктінің екі сыбайласы ізін суытпай қолға түскен. Ал қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған үшінші адам Тбилиси қаласында ұсталды. Ішкі істер министрлігі күдіктіні Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен елге жеткізді. Қазір ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Әсел Берқалиева ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

Грузия аумағында анықталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде