{metadescription}
«Тұрғындар наразылығы». Алматыда дүңгіршектерді бұза бастады
«Тұрғындар наразылығы». Алматыда дүңгіршектерді бұза бастады

«Тұрғындар наразылығы». Алматыда дүңгіршектерді бұза бастады

Алматыда көше бойындағы, үй арасындағы дүңгіршектер бұзыла бастады. Тек оған сол жерде сауданың көркін қыздырғандар қарсы. Дүңгіршектердің алынуына тұрғындардың да басым бөлігі наразы. Себебі жеміс-жидек, тұрмыстық химия өнімдері мен фаст-фудты жақын жерден алып үйренген. Ал, әкімдік мұндай сауда орындары заңсыз деп отыр. Айтуларынша, тұрғын үйлердің ортасына дүңгіршек орнатуға ешқашан рұқсат бермеген.

Зерделі ықшамауданында мынадай дүңгіршек көп. Оның иелері кемі бір жылдан бері сауданың көркін қыздырып келеді. Айтуларынша, дүңгіршекті орнатпас бұрын жергілікті тұрғындардан бөлек, әкімдіктен де рұқсат алыпты. Бірақ, қағаз жүзінде емес.

Ләззат Керімқұлова, саудагер:

Мен 158 және 161 үй тұрғындарынан рұқсат алдым. Ол кісілердің қол қойған актісі бар. Ол кісілер рұқсат берді. Әкімдіктен рұқсат алдық. Кез келген адам келіп қоя алмайды ғой. Сол сияқты әкімдіктен рұқсат алынды, қоя беріңдер деген ауызша рұқсат берілді.

Саудагерлер заңды бұзып отырмыз деп есептемейді. Сондықтан әкімдіктің дүңгіршектерді алып тастау туралы шешіміне қарсы. Мұндай хабарландыру оларға бір апта бұрын берілген. 

Бұған дейін мына жерде үш дүңгіршек болған. Олардың бірінде тауық етінен жасалатын тағамдар, енді бірінде нан өнімдері, ал үшіншісінде жаз мезігілнде балмұздақ сатылған екен. Алайда, кеше әкімдіктің талабы бойынша мұндағылар жұмысын тоқтатып, дүңгіршектерді алып тастауға мәжбүр болыпты.

Ал, сауда нүктелері белгіленген уақыт ішінде алынбаса, 300 мың теңгеге тарта айыппұл төлейтіндері туралы ескертіпті. Бір күнде кәсібінен айырылғандар енді не істерін білмей отыр.

Нұрсұлтан Амантұрлиев, саудагер:

Бірден келе сала, хабарлама берді, алып тастаңдар деді, сол үшін алып тастап отырмыз. Кеше мен құжат дайындайық, не істейік, жылы жерден қозғамаңдар, сендер айтыңдар жолын, біз істейік деген едім. Ешкім ештеңе деген жоқ, келді, манипулятормен, әйтпесе өзіміз айыптұрағына алып кетеміз деді.

Бұл ретте жергілікті тұрғындардың пікірі екіге бөлінді. Бірі таяқ тастам жердегі дүңгіршектердің бұзылуына наразы, енді бірі санитарлық талаптарды сақтамайтын сауда нүктелерін алып тастаған дұрыс деп санайды.

Шара Қасабекова:

– Киоскілердің бәрінің ішінде суы жоқ, қол жуатын. Екіншіден, дәретханасы жоқ. Үшіншіден, балаларға да қауіпті, инфекция таратуы мүмкін.

Рысхан Нұрсапаева:

Мына жерде сүт, көкөкөніс сатып тұр, бағасы, былай барсаң, арзан. Халық түн ішінде азық керек болып қалса, жүгіріп келіп, осыдан алады. Не зияны тиіп жатыр?!

Әзірге Зерделідегі 15 дүңгіршектің бесеуі алынған. Қалғаны да белгіленген уақытта мемлекет меншігіндегі жерді босатуы тиіс дейді шенеуніктер. Себебі бұл аумақтар ешқашан пайдалануға берілмеген.

Әліби Айдаров, Алатау ауданы кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы:

 – Мынадай құжаты жоқ жерлерге, мемлекеттік актісі жоқ жерлерге ондай рұқсат етілмейді. Ол біріншіден санитарлық норма, эстетикалық норма. Кәсіпкерлік басқармасына барып, аукционға бекітілген жерлерге қатысып, сол жерлерге заңды шарт құрып, орнатса болады.

Яғни арнайы белгіленген жерлерде ғана кәсібін жалғастыруға кеңес береді. Ал осындағы тұтынушыларға әбден үйренген саудагерлер кетпек емес. Сондықтан сауда нүктелеріне тиіспеуді сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде